Орындалатын файлдарды түгендеу

Басқарылатын құрылғыларда сақталған орындалатын файлдардың тізімін алуға болады. Орындалатын файлдарды түгендеу үшін түгендеу тапсырмасын жасау керек.

Орындалатын файлдарды түгендеу функциясы келесі бағдарламалар үшін қолжетімді:

Бір құрылғыдан алынатын орындалатын файлдар саны 150 000-нан аса алмайды. Осы шектеуге жеткеннен кейін, Kaspersky Security Center жаңа файлдарды алмайды.

Бастамас бұрын, деректерді Басқару серверіне жіберу үшін Kaspersky Endpoint Security саясатында және Желілік агент саясатында бағдарламаларды іске қосу туралы хабарландыруларды қосыңыз.

Бағдарламаларды іске қосу туралы хабарландыруларды қосу үшін:

Клиент құрылғыларында орындалатын файлдарды түгендеу тапсырмасын жасау үшін:

  1. Консоль ағашында Тапсырмалар қалтасын таңдаңыз.
  2. Жаңа тапсырма қалтасының жұмыс аймағында Тапсырмалар түймесін басыңыз.

    Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады.

  3. Тапсырма түрін таңдау шебері терезесінде Kaspersky Endpoint Security тапсырма түрін, содан соң Түгендеу тапсырмасы ішкі түрін таңдап, Келесі түймесін басыңыз.
  4. Шебердің келесі қадамдарын орындаңыз.

Шебер жұмысының нәтижесінде, Kaspersky Endpoint Security үшін түгендеу тапсырмасы жасалады. Жасалған тапсырма Тапсырмалар қалтасының жұмыс аймағындағы тапсырмалар тізімінде көрсетіледі.

Түгендеу нәтижесінде құрылғыларда анықталған орындалатын файлдар тізімі Орындалатын файлдар қалтасының жұмыс аймағында көрсетіледі.

Түгендеу кезінде, бағдарлама MZ, COM, PE, NE, SYS, CMD, BAT, PS1, JS, VBS, REG, MSI, CPL, DLL, JAR пішіміндегі орындалатын файлдарды, сондай-ақ HTML файлдарын анықтайды.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Бағдарламаларды басқару

Басына оралу